Кәсіп түбі береке

Павлодар қаласында қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелете бастағандар көп. Олардың бірі тігін цехын ашып, енді бірі көлік доңғалақтарын жөндеумен айналысуда. Жаңа бизнес идеялардың ішінде тәтті тоқаштар және наубайхана, темірден түйін түйген шеберлер мен мал өсіру, дәнекерлеу қызметі сияқты алуан түрлі кәсіптер бар. «Бизнес-бастау» курсынан өтіп, сертификат иесі ретінде өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап шыққан азаматтардың бірі Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылының тұрғыны көпбалалы әулеттің отағасы Нұржан Асылов. Ол, loft стиліндегі дәнекерлеу қызметін қолға алған.

1106 1

Мемлекет тарапынан берілген 1 476 800 теңге қаржы бизнес жобаны іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

«Мемлекет тарапынан қолдау тауып, жаңаша кәсібімді бастадым. Мен ұсынатын қызмет түрі ауыл тұрғындарына өте қажет. Дәнекерлеу апаратын іске қосқалы көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен, өзімнің тұрақты тұтынушыларым пайда бола бастады.  Егер сапалы қызмет көрсететін болсақ клиенттерімнің саны арта түсері сөзсіз», - дейді Нұржан Аманжолұлы.

Ауылда дәнекерлеу қызметі ашылғалы Жетекші ауылының тұрғындары қалаға сабылмай – ақ, өз ауылдастырының кәсібін қолдап, қызметіне жүгінеді.  

жаңалықтар

  • Hits: 63

+7-707-496-98-80 | +7(7182)32-00-26

Павлодар, ул.Генерала Дюсенова,106

Все права защищены © 2024 АДИМО