Ата кәсіпті қолға алды
Қой өсіру – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата кəсібі. Қорасы қойсыз болмаған қазақтың шопан ата түлігін өсіруге талпынуы қолдайтын жайт.
Иə, қой өсіріп, кəсіп бастаймын деушілерге мемлекеттен түрлі қолдау бар. Соның бірі – қайтарымсыз қаржылай ақша. Осы грантқа бағын сынап, 1 476 800 теңгеге қол жеткізген жанның бірі Мойылды ауылының тұрғыны Қайқыбай Асан Қалдыбайұлы.

Асан Қалдыбайұлы грантқа көп балалы отбасы ретінде қатысқан. Ол, ұтып алған ақшаға ұсақ мал сатып алып, қорасын қойға толтырып отыр.
«Ауылдың негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Қолдан келетін істі неге жасап көрмеске?! Сөйтіп былтыр кəсіпкерлік бағдарламасымен оқып, бизнес жоспар жасадым. Жобамды үздік қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болып, 10 бас Еділбай тұқымды қой сатып алдым. Қой бағу, мал өсіру біздің ата кəсібіміз. Жастайымнан малмен етене араласып өскесін мен үшін бұл шаруа ешқандай қиындық туғызбайды. Алдымызға мал салып, еңбек етуге жағдай жасалып тұрғанда, мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды», – дейді грант иегері.
“Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір” деген аталы сөздің мағынасын терең түсінген Асан Қалдыбайұлы алдағы уақытта қойын қоралатып түлік басын арттыруды көздейді.
- Hits: 53
Қазақша
Русский
English