Темірден түйін түйген азамат

Қарапайым халықтың әлеуетін арттыру бағытында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін беруде. Мәселен, өңірдің кейбір тұрғындары «Ауыл аманаты» арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсібін дөңгелетіп жатса, енді бірі мемлекеттік қайтарымсыз грант арқылы кәсіпкерліктің алғашқы қадамдарын жасауда.

IMG 5638 1

Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылының тұрғыны Тілек Упабаев  мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп алып, темірден ою-өрнек, қақпа жасау ісін қолға алған. Биыл мемлекеттік қайтарымсыз грантқа көп балалы отбасы ретінде өтініш беріп, «Заманауи ою өрнек темір өндірісі» бизнесі жобасын сәтті қорғай алды.

Соның арқасында ол  1 476 800  теңге мемлекеттік қайтарымсыз гранттың иесі атанды. Грантқа ие болған темірұстасы бірден шағын өндірістік цехын ашып, жұмысқа белшеше кірісіп кеткен. Мен, темірден түйін түйетін арнайы станогты ресейден алғыздым. Оның бағасы жеткізіп беруімен бірге 1 млн 300 мың теңге қаражат болды,-дейді Тілек Қамылбекұлы. Ол, цехті іске қосқаннан бері темір қақпа сияқты тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда. Бүгінде 4-5 темір қақпа жасап, тұтынушылардың көңілінен шығатын дизайнмен ұсынып келеді. Біздің Кенжекөл ауылында тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Көркем безендірілген темір есіктерге сұраныс өте жоғары. Тапсырыс берушілердің өтінішіне қарай темір қоршаулар мен есіктерді 7-10 күннен асырмай жасап беріп келемін,- дейді шебер.

Жасыратыны жоқ, ортамызда жұмыссыз жүрген жандар көптеп кездеседі. Міне, осындай азаматтарға мемлекет тарапынан ақшалай қайтарымсыз несиелер беріліп, өз кәсібін ашуға жағдай жасалып жатқандығы құптарлық жайт. Мен, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың кәсіп ашудың маңыздылығы жайлы өзім сияқты ауыл тұрғындарына үнемі айтып келемін. Кәсіп түбі береке екендігін түсінетін кез жетті-дейді ол.   

Тілек Қамылбекұлы шағын бизнесін жүргізу үшін арнайы шағын цехта салып үлгеріпті. Алдағы уақытта табыс көзіне айналған кәсібін кеңейтуді мақсат етеді. Егер жұмысы сәтіне салып алға басса, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Ешкімге ауыз ашып қарамай «Екі қолға бір күрек»-, деп мемлекеттен грантын алып. өз кәсібін ашып жұмысқа қызу кірісіп кеткен іскер азаматтың ісі оңға басса екен дейміз.


 

жаңалықтар

  • Hits: 58

+7-707-496-98-80 | +7(7182)32-00-26

Павлодар, ул.Генерала Дюсенова,106

Все права защищены © 2024 АДИМО